Экономика

Түркістан облысында марокко шегірткесіне қарсы күрес жұмыстары басталды

Түркістан облысында марокко шегірткесіне қарсы күрес жұмыстары басталды, деп хабарлайды Turanews.kz.

Жалпы биыл шегірткемен күреске республикалық бюджеттен 3,8 млрд теңге бөлінді.

Химиялық өңдеу жұмыстары алғашқы болып Сарыағаш ауданының Дарбаза ауылдық округінен басталды. Мұндағы экономикалық зиянды шегінен асқан 10280 гектар алқаптың 9240 гектарында химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

— Арыс қаласында экономикалық зиянды шегінен асқан 3890 гектар алқаптың 3645 гектары өңделіп, 5 жер үсті желдеткіш бүріккіштері жұмыс істеуде.

— Келес ауданында да бұл бағытағы жұмыстар жоспарлы түрде іске асуда. Өңірдегі 1770 гектар алқаптың 1575 гектары 2 жер үсті желдеткіш бүріккіштерімен өңделіп жатыр.

— Сауран ауданы бойынша 610 гектардың 260 гектарында химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

— Жалпы, Түркістан облысы бойынша аса қауіпті Марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 67 240 гектар жерге жоспарланған. Оның ішінде 59050 гектары жер үсті желдеткіш бүріккіштерімен, ал 8240 гектары әуемен жүргізіледі.

Еске салайық, 5 сәуірде Түркістан облысында марокколық шегіртке дернәсілдерінің пайда болғаны туралы ауылшаруашылығы министрлігі хабарлаған болатын.

TuraNews

Back to top button