Қазақстанда алғаш рет теннистен әлем чемпионатының іріктеу сайыстары өтеді, деп хабарлайды Turanews.kz теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1-13 мамыр аралығында Шымкентте Asia/Oceania final Qualifying Junior Davis Cup және Juniors Billie Jean King Cup іріктеу турнирлері өтеді. Жарысқа 16 жасқа дейінгі Азия/Океания аймағының ең мықты жасөспірімдері қатысады.
Қыздар арасындағы әлем чемпионатына жолдаманы келесі командалар сарапқа салады: Қазақстан, Аустралия, Қытайлық Тайбэй, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Малайзия, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Моңғолия, Жаңа Зеландия, Таиланд, Өзбекстан, Вьетнам
Ұлдар арасындағы әлем чемпионатына жолдаманы келесі құрамалар сарапқа салады:
Қазақстан, Австралия, Малайзия, Пәкістан, Сингапур, Қытай Тайбэй, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия, Таиланд, Өзбекстан және Вьетнам.
«Шымкенттегі іріктеу сайысында 16 команда төрт топқа бөлінеді. Әр топтан екі үздік құрама плей-офф кезеңіне шығып, әлем чемпионатының жолдамасын сарапқа салады. Азия — Тынық мұхит аймағынан бозбалалар арасында әлем чемпионатына төрт жолдама беріледі, яғни жартылай финалға шыққан командалар әлем біріншілігіне жолдама алады. Қыздар арасында үш жолдамаға үздік үштікке енгендер ие болады»,-делінген хабарламада.