Әлем

Агент деген күдікпен екі қытайлық Нью-Йоркте ұсталды

АҚШ-тың Федералды тергеу бюросы агент болуы ықтимал күдігімен екі қытайлықты ұстады. Ал Америкадағы диссиденттердің ізіне түсіп, оларды тіс жармауға мәжбүрледі, Нью-Йоркте құпия полиция учаскесін басқарды деген күдікпен өзге ондаған адамға елдің федералды прокуратурасы айып тағып отыр.  Бұл туралы CNN хабарлайды.

АҚШ прокурорының Нью-Йорктің Шығыс округіндегі өкілі Джон Марзуллидің сөзінше, қытай кварталында полиция операциясына заңсыз қатысқан екі адам дүйсенбі күні қамауға алынды. Олар Нью-Йорк сотының алдында жауап береді деп күтілуде.

«Айыпталушылар Манхэттендегі «декларацияланбаған полиция учаскесін» басқарған», — деді Д.Марзулли.

Via
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button