Қоғам

Электр самокатпен жолаушы, жүк тасуға тыйым салынады – ІІМ

шкі істер министрлігі электрлі көлік құралдарын қолданудың ережелері мен талаптарын еске салды.

«Соңғы жылдары балалар ғана емес, ересектер де белсенді қолданатын түрлі көлік құралдарының саны артты. Ол электрлік скутерлер, самокат, гироскутерлер тағы басқа. Олар жол қозғалысының қатысушылары болып саналады. Сондықтан ішкі істер министрлігі электрлі скутерлерді қолдану ережесінің барын еске салады. Электрлі скутер бір адамға арналған көлік құралы, максималды жылдамдық 25 км/сағ аспайды. Оның алдыңғы, бүйір және артқы жағы жарықпен жабдықталуы тиіс. Жақын маңдағы адамдарды ескертуге мүмкіндік беретін дыбыстық құрылғысы болуы керек. Жолаушы қозғалыс барысында жан-жағына мұқият шолу жасап отыруы тиіс, ұялы телефонды немесе басқа гаджеттерді пайдаланбау керек. Сонымен қатар рөлді екі қолыңызбен ұстаңыз, көлік құралын ақырын және ұқыпты тоқтатыңыз», — деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, электр скутерді жарық жеткіліксіз әрі тар жерлерде, сондай-ақ қозғалысқа кедергі көп жерде мінбеген жөн.

«Көлік көп жүретін және адамдар көп болатын жерлерден аулақ болыңыз. Электрлі скутерде қозғалу кезінде шлем, сондай-ақ қол, білек, тізе, бас және шынтақты қорғайтын құралдарды пайдаланыңыз. Жүк және жолаушы тасымалдамаңыз. Жол ережелерін сақтай отырып, жүретін аумағыңыз бен қозғалыс жылдамдығын таңдау маңызды. Жаяу жүргінші немесе велосипед мінушіге жақындап қалған кезде ескеру белгісін беріңіз», — дейді ол.

Сондай-ақ, ведомство электр скутерге үнемі техникалық қызмет көрсетуді ұмытпау керектігін ескертті.

Source
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button