ӘлемМәдениет

Metallica 2016 жылдан бері алғашқы альбомын шығарды

Metallica рок тобы 2016 жылдан бері алғашқы альбомын шығарды, 72 Seasons деп аталатын әндер жинағын әртүрлі платформаларда, соның ішінде YouTube арнасынан тыңдауға болады, деп ТАСС-қа сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.

Альбомда жалпы ұзақтығы 77 минуттан асатын 12 трек бар. Топтың соңғы Hardwired… To Self-Destruct студиялық альбомы 2016 жылы шықты.

Бұған дейін топтың вокалшысы Джеймс Хетфилд 72 мезгіл – адамның тұлға ретінде қалыптасатын алғашқы 18 жылы екенін түсіндірді. Альбом шыққаннан кейін топ 2023-2024 жылдары гастрольдік сапарға шықпақшы.

Metallica – америкалық топ. 1981 жылы негізі қаланған. Музыкалық мансабында топ он студиялық альбом, төрт концерттік жазба, он екі бейне альбом, кавер альбом және екі шағын альбом шығарған.

TuraNews

Back to top button