Қоғам

Балқаш автобустарында ONAY жолақы төлеу жүйесі іске қосылады

Балқашта ONAY! жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін енгізу туралы келісімшарт орнатылды,  деп хабарлайды Turanews.kz Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ынтымақтастық туралы меморандумды Алматы қаласының әкімдігі мен көлік холдингі жасасты.

«ONAY! жүйесінің енгізілуімен қаланың көлік инфрақұрылымында оң өзгеріс болды. Біріншіден, жүйе нақты жолаушылар ағынын көрсетеді. Осыған сүйене отырып маршрут желісін оңтайландыруға, автобустардың дұрыс жүру кестесін құруға болады. Сонымен қатар, жолаушылар мобильді қосымша арқылы көлік қозғалысын бақылай алады», – деп атап өтті Балқаш әкімі Қайрат Қамзин.

Оның айтуынша, электронды жүйені жыл соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.

TuraNews

Back to top button