Спорт

WTA рейтингі: Рыбакина өз орнын сақтап қалды

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп жазады Turanews.kz BasSport.kz порталына сілтеме жасап.

Еліміздің көшбасшы ойыншысы Елена Рыбакина жетінші орнын сақтап қалды. Әлемдік рейтингіде Юлия Путинцева 47-ден 45-ке көтерілді.

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина 26-орнында қалса, Жанель Рүстемова 972-сатыға шықты.

WTA рейтингісі. 10 сәуірдегі нәтиже мынадай:

7 (0). Елена Рыбакина (Қазақстан) – 4305, 45 (+2). Юлия Путинцева (Қазақстан) – 1235, 427 (+14). Жібек Құламбаева (Қазақстан) – 112, 463(-10). Гөзал Айнитдинова (Қазақстан) – 96, 1111 (+24). Аружан Сағындықова (Қазақстан) – 10.

TuraNews

Back to top button