БастыСпорт

Елордада шахматтан әлем чемпионаты басталды

Астанада 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында шахматтан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Онда Әлем чемпионы атағы үшін Ян Непомнящий (ФИДЕ) мен Дин Лижень (ҚХР) бақ сынайды. Кеше Astana Ballet театрында чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев чемпионатқа қатысушылар мен қонақтарды барлық спорт әуесқойлары үшін осы маңызды шараның басталуымен құттықтады. Құттықтау хатты ҚР МСМ басшысы Асхат Оралов оқыды.

Министр Қазақстан астанасындағы әлем чемпионаты осы спорт түрін дамытудағы маңызды кезең болатынына сенім білдірді.

 

TuraNews

Back to top button