Әлем

Сергей Лавров Түркияға ресми сапармен барады

Ресей сыртқы істер министрі Лавров, Түркия сыртқы істер минитрі Мевлүт Чавушоғлұмен кездеседі

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров 6-7 сәуірде Түркияға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Turanews.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

«Украинадағы, Закавказьедегі, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка, Орталық Азия аймағындағы, Қара теңіз аймағындағы жағдай бойынша пікір алмасу жүреді», — делінген хабарламада.

Лавров пен Мевлют Чавушоғлы «Украина дағдарысындағы өзекті жағдайға көзқарастарымен алмасады, қақтығысты бейбіт жолмен шешудің принциптері мен жолдарын талқылайды», — деп хабарлайды Ресей СІМ.

Сонымен қатар, Ресейлік тарап «тағы 60 күнге ұзартқан» астық мәмілесін жүзеге асырумен жолдары талқыланады. «Оның ішінде түрік серіктестерінің көмегімен украин астығын әлемдік нарыққа жеткізу мәселесі ғана емес, сонымен қатар халықаралық экономикаларға ресейлік ауыл шаруашылығы өнімдері мен тыңайтқыштарға қол жеткізуінің жағдай жасау тұсында осы уағдаластықтарды кешенді қолдануға қол жеткізуге ниеттеніп отыр», — делінген хабарламада.

TuraNews

Back to top button