ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі сағат 9:50-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Turanews.kz.
Зілзала эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 727 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.1. MPV магнитудасы — 4.4. Тереңдігі — 10 км. Сезілуі туралы ақпарат жоқ.