Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Королі ІІІ Карлға анасы II Елизавета Патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан корольдік отбасы мен барлық британдықтардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. Президент елді 70 жыл бойы басқарған ІІ Елизавета Патшайымның аса көрнекті көшбасшы, британ халқының бірлігі мен табандылығының символы болғанын атап өтті.
фото: dknews.kz