Спорт

Ақтауда триатлоннан Азия чемпионаты өтеді

Каспий теңізінің жағалауында өтмек болған, алдағы триатлон жарыстарына 10 елден 70-тен астам спортшы қатысады. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығында хабарлады, деп Lada.kz парақшасы хабарлайды.

17 және 18 қыркүйекте Ақтауда триатлоннан Азия чемпионаты өтеді. Каспий теңізінің жағалауыда өтетін сайыста, он елден 70-тен астам спортшы «Элит» санатында және аралас эстафетада өз қабілеттерін көрсетеді.

Елімізді, Ұлттық құраманың спортшылары – Дарын Қонысбаев, Аян Бейсенбаев, Әнуар Тұрубаев, Темірлан Теміров, Кирилл Рожков, Мейірлан Ысқақов, Екатерина Шабалина, Арина Шульгина, Бекмағамбетова Надежда және Дарья Бычкова қорғайды.

Эстафеталық команда сапында Егор Крупяков, Екатерина Шабалина, Александр Тен және Юлия Озерова өнер көрсетеді.

TuraNews

Back to top button