Саясат

Дәулет Тұрлыханов «Көпсалалы медициналық орталық»қызметкерлерімен кездесу өткізді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Дәулет Тұрлыханов өзінің штаб мүшелерімен бірге «Көпсалалы медициналық орталық»қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Ақмола онкологиялық қызметі 1952 жылы құрылды және 1-ші қалалық емхананың жертөлесінде орналасқан онкологиялық кабинет болды. 2019 жылы қала әкімдігінің «Көпсалалы медициналық орталық» ШЖҚ МКК құрылды. Сол жылы медициналық орталықта «инсульт орталығының» бөлімшесі ашылды.

КМО-да 2020 жылғы пандемия шыңында 1290 төсек орналастырылды, оның 890-ы КВИ үшін. Бүгінгі таңда барлығы 9 бөлімше ашылды, 744 қызметкер жұмыс істейді, есепте 13 768 адам тұрады.

«Көпсалалы медицина орталығына ат басын бұрдым. Бұл орталық онкологиялық аурулардың алдын-алу, анықтау және емдеумен айналысатын бірегей емхана. Мұнда 900 білікті маман жұмыс жасайды,заман талабына сай техникамен де жабдықталған. Бүгінде елорданың бірнеше медициналық ЖОО үшін клиникалық база да осы жерде жасақталған. Орталық ашық есік күндерін жиі ұйымдастырып, тегін диагностика жүргізеді.

Сайлауалды бағдарламада халықтың денсаулығын сақтау мен салауатты өмір сүру салтына ерекше көңіл бөлдім. Себебі, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген абзал.

Дәрігерлерге ұйқысыз түндері, тынымсыз күндері, әр науқас үшін алаңдайтын көңілдері мен жанашырлыққа толы әппақ жүректері үшін АЛҒЫС АЙТАМЫН!», — деді Тұрлыханов.

 

№1 бір мандатты округ бойынша ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаттығына кандидаттың Сайлау қорының қаражатынан төленді.

TuraNews

Back to top button