Дәулет Тұрлыханов «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына» барды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Кандидат Дәулет Тұрлыханов өзінің штаб мүшелерімен бірге Алғыс айту күні елордалық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына» барды.
Тұңғыш Президенттің бастамасымен 2016 жылдан бастап 1 наурыз Алғыс айту күні болып жарияланды. Бұл күні 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.

Облыстар мен Республикалық маңызы бар қалаларда белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары жұмыс істейді.
Астана қаласы әкімдігінің «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ — егде жастағы адамдарға демалыс қызметтерін көрсетуге арналған.

Бүкіл ел бойынша орталықтар «бір терезе» қағидаты бойынша үш бағыт бойынша жұмыс істейді: Белсенді ұзақ өмір сүру, денсаулық мәдениеті және қоғаммен байланыс. Орталықтардың қызметі егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға (өнімді және белсенді ұзақ өмір сүруге пассивті өмір сүру менталитетін өзгерту), оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдастыруға (йога, скандинавиялық серуендеу ,т-сауаттылықты арттыру, мотивациялық және кәсіпкерлік курстар, ағылшын тілі курстары және т.б.) бағытталған.

«Бүгінгі күніміз “Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында” басталды. Біз әдетте өмірімізді мектеп, ЖОО, жұмыс, зейнет деп елестетеміз ғой. Ал зейнетке шыққасын немен айналысатынымызды көп ойлай бермейміз. Міне, біз барған орталықта қарияларымыздың бос уақытын ұйымдастыру үшін барлық жағдай жасалған. Йога, спорт, шахмат, би, ән — тізе берсек, тізім ұзақ.
Орталық Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ашылған. Қала бойынша 4 филиал бар. Қазір жиыны 6000 адам осында бос уақытын өткізеді.

Мүмкіндігімше барлығымен сөйлесіп, пікірлерін тыңдадым. Алақанымызды жайып ақ бата да сұрадық.
Даналығын аямайтын, көрегендікпен жол сілтейтін, “Айналайын” деп жылы лебізін білдіретін барлық қарттарымызға АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ!
Қарияларымыз аман болсын!», — деді Тұрлыханов.
№1 бір мандатты округ бойынша ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаттығына кандидаттың Сайлау қорының қаражатынан төленді.



