Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі салдарынан 850 мың бала баспанасыз қалды
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мәліметінше, Түркия мен Сирияның оңтүстігінде болған жойқын екі жер сілкінісінен кейін бір ай өткенде 850 мыңнан астам бала тұрақты баспанасыз қалды.
ЮНИСЕФ балалар қорының мәліметінше, екі елде мыңдаған бала уақытша баспаналарда тұруға мәжбүр. Түркия мен Сирияда 6 ақпанда болған күшті жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің нақты саны әлі белгісіз. ЮНИСЕФ сарапшылары мыңдаған бала қиын жағдайда қалып отырғанын және олардың көмекке, соның ішінде психологиялық көмекке зәру екенін атап өтті.
«Жер сілкінісі салдарынан үйін тастап кетуге мәжбүр болған отбасылар төрт апта бойы аман қалуға тырысып келді. Олар дүмпу жалғасып жатқандықтан, зәресі ұшып отырды деуге болады».
0One month on from the devastating earthquakes, millions of people in Türkiye and Syria remain in urgent need of humanitarian assistance.
You can support @UNOCHA‘s relief efforts: https://t.co/4USQJ9rS9o
— United Nations (@UN) March 6, 2023
Ұйымның мәліметінше, Түркияда 2,5 миллион бала шұғыл гуманитарлық көмекке зәру. Ал Сирияда 500 мың адам баспанасын тастап кетуге мәжбүр болды.
БҰҰ есебіне сәйкес, Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты.
6 ақпан күні таңертең екі елде магнитудасы 7,7 болатын күшті жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі ондаған үйді қиратты.