Қоғам

Талдықорғандағы Кардиологиялық орталық мамандары «AMANAT» партиясын қолдайды

Бүгін «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттары Гүлнәр Тойлыбаева мен Гүлмира Ахметова, Еркебұлан Ақболатов Талдықорған қаласындағы Кардиологиялық орталық ұжымымен кездесті. Кездесуде кандидаттар айтулы саланың өзекті мәселелерін тізбектеп өтті. Мәселен, өңірде 200 тарта дәрігер маман тапшы. 200-ден астам денсаулық сақтау мекемесі жалға берілетін және бейімделген ғимараттарда орналасқан. Мұндай кемшін дүниелерді шешу үшін «AMANAT» партиясы «білек сыбанып» отыр.

— Партиямыз әрбір тұрғынның қолайлы ортада жайлы өмір сүруі үшін бар жағдайды жасайды. Соның бір парасы — денсаулық саласын әлеуеттендіру. Осы ретте партия алдағы бес жылдықта өңірде 100-ге жуық медициналық нысан салуға септеседі. 34 денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеуге ықпал етеді. Алғашқы дәрігерлік көмек ұйымдарына 255 бірлік медициналық жабдық сатып алып беріп, бұл ұйымдағы қажеттілік толықтай өтеледі. Осындай ауқымды жұмыстар өзегінде өңірдегі медицина жоғарғы стандарттарға сай болады, — Гүлнәр Тойлыбаева.

Ал, сөз тізгінін алған Гүлмира Ахметова спорт саласында қарымды қарекет ету арқылы өңір тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға қол жететінін де айтты.

— Бұқалық спортты дамыту еліміздің басым саясатының бірі. Оған негіз – «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы. Аталмыш жоба негізінде 2025 жылға қарай елімізде спортпен шұғылданатын азаматтардың үлес салмағын 50 пайызға жеткізу көзделген. Партияның Жетісу өңіріне негізделген сайлауалды бағдарламасына сай алдағы бес жылда 19 спорттық нысан бой көтереді. Оның ішінде ауылдық жерлерде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға мұрындық боламыз. Нәтижесінде өңір халқын спорттық инфрақұрылыммен қамту көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 51,3 пайыздан 56 пайызға көтеріледі, — деді Гүлмира Ахметова.
Шара соңында кандидаттар жиынға қатысушылармен пікір алмасып, жан-жақты қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

TuraNews

Back to top button