Тұрлыханов Elorda Eco System ұжымымен кездесу өткізді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Дәулет Тұрлыхановтың сайлауалды штабының мүшелері Elorda Eco System ұжымымен кездесу өткізді.

ELORDA ECO SYSTEM компаниясы ҚР Президенті Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған. Оған басты себеп қала тұрғындарының өтінішінен соң қаланың канализациялық мәселелерін шешу керек болды.

Қазір қалада толып қала беретін суағарлар, немесе олардың дұрыс салынбауы үлкен мәселе болып отыр. Салдарынан қала тазалығы ақсап, көктем мен күзде қоқысқа толып кетеді.

«Жұмыстарыңыз жауапкершілік пен қатар ауырлығын да білемін. «Бейнетіне қарай зейнеті» деген халық мәтелі, сондықтан Сіздердің ауыр еңбектеріңіз сәйкесінше бағалануы керек. Жалақыдан бөлек әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау сияқты мәселелер еңбектеі қорғау туралы заңда жазылуы тиіс!
Қала тұрғындары тазағ ыңғайлы, әдемі көшеде тұруы, олардың кофморты, балаларының қауіпсіздігі, барлығы Сіздердің еңбектеріңізге байланысты. Мен ауыр еңбектің не екенін білемін, бала кезімнен араластым», — деді Тұрлыханов.
№1 бір мандатты округ бойынша ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаттығына кандидаттың Сайлау қорының қаражатынан төленді.



