Әлем

Түркияда зілзаладан көз жұмғандар саны 46 мыңға жуықтады

Түркия билігі бір ай бұрын болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 46 мыңға жуықтағанын хабарлады.

Түркия Ішкі істер министрі Сулейман Сойлу TRT телеарнасының эфирінде қайғылы оқиға туралы айтты. «Қаза тапқандар саны 45 968-ге дейін жетті.

Оның 4 267-і Сирия азаматы», — деді министр. Сондай-ақ Сойлу жойқын жер сілкінісі салдарынан 26 300 ғимарат қирағанын хабарлады. Оның бәрі тексеріліп, іздестіру-құтқару операциясы жүргізілген.

Еске салсақ, 6 ақпан күні Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,5 болатын жойқын жер сілкінісі болды. Дәл осы күні магнитудасы 7,6 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді.

Табиғи апат көршілес Сирияға да әсер етіп, онда да тұрғын үйлер қирап, мыңдаған адам үйінді астында қалды. Айта кетсек, жойқын жер сілкінісінен кейін де Түркияда бірнеше рет жер асты дүмпуі тіркелген болатын.

 

Source
Nur.kz

TuraNews

Back to top button