ҚоғамТуризм

Kids Go Free бағдарламасы аясында 2 мың бала ұшақпен тегін сапарлайды

Биыл Kids Go Free бағдарламасы аясында 2 мың балаға ұшақпен тегін сапарлау мүмкіндігі жасалмақ. Бұл туралы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ өкілдері айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Былтырдан бері осы бағдарламаға мемлекеттік қолдау көрсетіліп келеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 20-ға жуық отандық туристік оператор 700 отбасын қабылдап, оларға турпакет сатып, осы орайда Kids Go Free бағдарламасы аясында 1,5 мың бала ұшақпен тегін сапарлады. Биыл тағы да жаңа туроператорлар қосылады деп ойлаймыз. 2023 жылы 2 мың баланы қамтуды жоспарладық. Егер өтінімдер көп болса, қосымша қаржыландыру мәселесі пысықталады», — деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ баспасөз хатшысы Ернұр Кенжебеков ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің әлеуметтік желісінде өткен эфирде.

Өз кезегінде «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Жүйелік шараларды жүзеге асыру департаментінің директоры Тимур Кожубеков бұл бағдарламаға туроператорлар ерікті түрде қатысатынын айтты.

«Бала санына қатысты шектеу жоқ. Бір баласы бар немесе 3-4 бала тәрбиелеп отырған отбасылар да бағдарламадағы жеңілдіктерді пайдалана алады», — деді компанияның департамент басшысы.

TuraNews

Back to top button