Саясат

Дәулет Тұрлыханов жастармен кездесу өткізді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Дәулет Тұрлыханов өзінің штаб мүшелерімен бірге жастармен кездесу өткізді.

Үміткердің айтуынша, әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, негізгі  жастар мәселелері: Жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселесі, білім беру құны мен сапасы, балабақшалардың жетіспеушілігі.

«Жоғары оқу орнын бітірген жас адамға тәжірибесінің жоқтығынан жұмысқа орналасу қиынға соғады.

Өзі бір қызық нәрсе: тәжірибең болмаса жұмысқа алмайды, ал жұмысқа алмаған соң тәжірибе қайдан болады?!

Ала қалса тағы бір проблема туындайды — төмен жалақы. Өйткені, орташа алғанда, жұмыс тәжірибесі жоқ маманның жалақысы – 100 мың теңге. Жалдамалы тұрғын үй, азық-түлік, жол жүру және т. б. бағаларын ескере отырып, қазір бұл ақшаға өмір сүру мүмкін емес», — деді Тұрлыханов.

Сондай-ақ, ол тұрғын үй мәселесі де көтерді. Айтуынша, тұрғын үйдің жоғары бағасы, жоғары пайыздық мөлшерлемелер, төмен жалақы жастарды жылдар бойы жалдамалы пәтерлерді кезіп жүруге мәжбүр етеді.

«Осыдан келеміз де «неге үйленбейсің?» деп бір сөйлейміз, сосын «ажырасу көбейіп кетті» деп тағы таң қаламыз. Үйі жоқ, айлығы аз жастар қалай бас құрайды? Ажырасудың да көп себебі осы тұрмыстық қиындықтар», — деп айтты үміткер.

Тұрлыхановтың сөзінше, қазақстандық жоғары оқу орындарында білім алу құны жиі көтеріледі, нәтижесінде барлығының жоғары білім алу мүмкіндігі бола бермейді, бұл, сайып келгенде, жастардың өмір сүру сапасына ғана емес, жалпы ел экономикасына да әсер етеді.

«Тағы бір өзекті мәселе – мемлекеттік балабақшаларда орын тапшылығы. Жеке балабақшалардағы орташа айлық төлем-70-80 мың теңге. Жас отбасы үшін бұл қиын.

Сондықтан, менің ойымша:

  • Жастар мен жас отбасыларға, дәрігерлер, педагогтар мен жалғызбасты аналарға жеңілдетілген несиемен баспана алу бағдарламасын іске қосу керек.
  • Баспана алу бағдарламаларын тиімді және қолжетімді ету қажет.
  • Сұранысқа ие мамандықтар (тігінші, қалаушы, дәнекерлеуші, т.б.) бойынша білім алу бағдарламаларын іске қосу, бәрі бірдей университет бітіруі міндетті емес қой. Қазір тәжірибелі, жоғары қабаттарда жұмыс істеу рұқсаты бар сварщик 1 млнға дейін жалақы алады.
  • Алматы және Байқоңыр аудандарында жастарға арналған аула клубтарын және спорт, футбол, сондай-ақ ойын алаңдарын салу. Жастарға арналған осындай орындардың бәрі тек сол жағалауда болуы міндетті емес. Жаңа салынған аудандарда, жатақханалар орналасқан, жастар тығыз орындарда да салынуы керек.
  • жастарға тұрақты негізде зияткерлік, спорт және ойын-сауық шараларын ұйымдастыру. Әйтпесе баратын жеріміз мейрамхана, түнгі клубпен шектеледі. Ол баратын жер болмағандықтан, әйтпесе біздің жастардың зиялы, инлеккеті жоғары екеніне сенемін және көріп те жүрмін», — деді ол.

№1 бір мандатты округ бойынша ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаттығына кандидаттың Сайлау қорының қаражатынан төленді.

TuraNews

Back to top button