Дәулет Тұрлыханов ЖЭО-ға барды

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Дәулет Тұрлыхановтың сайлауалды штабының мүшелері 2-ЖЭО-ға барды.
«Астанада жылыту маусымы шамамен 8 айға созылатынын ескеру керек», — деді Д.Тұрлыханов. Оның айтуынша, 2-ЖЭО ұызметкерлерінһ жұмысының арқасында қаланың үш мыңға жуық көппәтерлі тұрғын үйлері мен 300 әлеуметтік-мәдени нысаны жылу энергиясымен қамтамасыз етілген.

«Күн суыта қаланың ішін көк түтін басады. Әсіресе Байқоңыр мен Алматы аудандарында адамдар кешкілік тіпті терезелерін де аша алмай қалады. Бұл елорданың басты экологиялық мәселелерінің бірі. Таза ауа болмаған жерде халықтың денсаулығы да нашарлайды. Бұл жылу электр орталықтарын модернизациялау қажеттілігінің дәлелі. Қазір “Астана Энергия” АҚ құрамында екі жылу электр орталығы (ЖЭО) бар. Жиыны 1200-ден астам адам жұмыс жасайды. ЖЭО-ның тозған жабдықтарын жаңартып, фильтрлерін ауыстыру керек. Екібастұздың оқиғасы бізге сабақ болды! Жағдай қайталанбас үшін алдын-ала қамданбасақ болмайды! Ал бұл үшін сәйкесінше мемлекеттік қолдау ұйымдастырылу тиіс. Жеткілікті қаражат бөліну керек.

Осы мәселе жылдам шешілу үшін аянбай еңбек етемін. Бұл бір емес, бірнеше салаға тікелей қатысы бар маңызды тақырып!», — деді үміткер.

Айта кетейік, елордада жылу электр орталықтарын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде: ЖЭО-1 және ЖЭО-2-дегі барлық су жылыту қазандықтары газға ауыстырылды, ЖЭО-3 құрылысы қайта жанданды. Үш газ қазандығының дизайны жүргізілуде. Газ қазандықтары жаңа құрылыс аудандарын жылумен қосымша жылытуға мүмкіндік береді.
№1 бір мандатты округ бойынша ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаттығына кандидаттың Сайлау қорының қаражатынан төленді.



