Дәулет Тұрлыханов елордалық автобус паркіне барды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Дәулет Тұрлыхановтың сайлауалды штабының мүшелері елорданың «№1 автобус паркі» АҚ-да болды.
Кәсіпорын қызметкерлері жалақы, басшылық тарапынан әлеуметтік көмек туралы айтып берді. Олардың айтуынша, жалақы орташа есеппен 600 мың теңгені құрайды, жұмыс үшін барлық жағдай жасалған.

Д. Тұрлыханов өз сөзінде елордада қоғамдық көліктің жетіспеушілігі мәселесі өзекті болып қалатынын атап өтті. Адамдар аялдамада жарты сағаттап күтіп, автобус келгенде ішіне сыймай қалатын кездер жиі болатынын айтты.

«Қалаға автобустар жетіспейді және бұл дефицит жыл өте артуда. Күнделікті 500-ге жуық автобус жолаушыларды тасымалдағанымен, олардың санын әлі де 40-50% көбейту керек екеніне көзім жетті», — деді ол.
Үгіт-насихат кездесуі барысында автобус паркінің қызметкерлері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Д. Тұрлыхановтың сайлауалды бағдарламасымен танысты. Сайлаушылар баяндаған барлық ескертулер мен ұсыныстар жазылып, әрі қарайғы жұмыста зерделенетін болады.
№1 бір мандатты округ бойынша ҚР Парламентінің Мәжілісі депутаттығына кандидаттың Сайлау қорының қаражатынан төленді.



