Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Францияның Монпелье қаласында өтіп жатқан АТР жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Александр Бублик 1/8 финалда франциялық Грегуар Баррерге қарсы ойнап, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бір сағаттан сәл ұзаққа созылған ойында Бублик 7 эйс жасады.
Келесі айналымда отандасымыз Димитров — Брувер матчының жеңімпазымен кездеседі.