Астанада балалар үйінде тәрбиеленушілер саны азайып келеді
Елордада балалар үйінде тәрбиеленушілер саны азайып келеді. Қасымхан Сенғазыевтің айтуынша, бұл жағымды тенденцияға әлеуметтік жобалар тікелей әсер етіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінде елордада жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 860 бала бар. 170 бала ұйымдарда, 690 бала патронаттық отбасында тәрбиеленуде.
Өткен жылмен салыстырғанда мекемелердегі балалар саны 3,4% (169 бала) азайып, 89 бала отбасына орналастырылды», — деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Оның сөзінше, «Үйдегідей» жобасының аясында 59 бала туған отбасында қалған.
Ал балалар жылы аясында іске қосылған «Психологиялық қолдау қызметі» жобасының аясында 205 отбасы заңгерлерден, әлеуметтік қызметкерлерден, психологтардан кеңес алған.
«Бұл жобаларды жүзеге асыру келесі жылдары да жалғасын табады, бұл ұйымдардағы оқушылар санын қысқартуға және әлеуметтік жағдайы төмен ата-аналарды әлеуметтендіруге мүмкіндік береді», — деді басқарма басшысы.