Қоғам

Қазақстан ашық деректер рейтингісінде 48-ші орынға көтерілді

Қазақстан дүниежүзілік деректер ашықтығының Open Data Inventory (ODIN) рейтингісінде 6 позицияға көтерілді. 2020 жылы біздің ел 54-ші орында болған, деп Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.

Бюро мәліметінше, 2021-2022 жылдар аралығында Қазақстанның жалпы балы деректерді қамту бойынша 57-ден 59-ға, деректердің ашықтығы бойынша 65-тен 68-ге дейін артқан. Рейтинг елдің статистикалық ұсыныстарының толықтығын және олардағы ақпараттың халықаралық ашықтық стандарттарына сәйкестігін бағалаған.

Рейтинг қорытындысы бойынша Сингапур бірінші орынды иеленді, одан кейін Дания мен Финляндия тұр.

Open Data Inventory (BDI) Дүниежүзілік ашық деректер рейтингі Open Data Watch халықаралық коммерциялық емес ұйымы тарапынан әзірленеді.

ODIN ашық деректер саясатын ілгерілету, қолжетімділікті жақсарту және Ұлттық статистикалық басқармалар мен деректерді пайдаланушылар арасындағы диалогты ынталандыру үшін ресми статистиканың қолжетімділігі мен ашықтығын бағалайды.

TuraNews

Back to top button