Басты

Қазақстаннан гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына ұшып шықты

Қазақстаннан гуманитарлық жүк тиелген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына ұшып шықты, деп ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Түркияға жөнелтілген гуманитарлық жүктін ішінде жойқын зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да қажетті заттар бар.

Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 55 тонна.

«Жүк әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына кетті»,-делінген хабарламада.

TuraNews

Back to top button