Morning Consult аналитикалық компаниясы америкалықтар арасында сауалнама жүргізіп, әлемдегі ең ұлы спортшылардың тізімін жасаған, деп жазады BasSport.kz.
Сауалнама қорытындысы бойынша, «Чикаго» командасының бұрынғы ойыншысы Майкл Джордан әлемдегі ең ұлы спортшы болып танылған. Ол 19 пайыз дауыс жинап, көш бастады.
Екінші сатыға 12 пайыз дауыспен Ұлттық футбол лигасының жеті дүркін чемпионы Том Брэди орналасты. Ал әлемнің үздік боксшыларының бірі Мұхаммед Әли 8 пайыз дауыспен үшінші орынға тұрақтады.
Ал жанкүйерлердің таңдауы Криштиану Роналдуға түспеген. Ол тарихтағы ұлы спортшылардың алғашқы ондығына да енген жоқ.
Жанкүйерлер таңдауы бойынша тарихтағы ұлы спортшылар:
1. Майкл Джордан — 19 пайыз
2. Том Брэди — 12 пайыз
3. Мұхаммед Әли — 8 пайыз
4. Бэйб Рут — 7 пайыз
5. Коби Брайант — 5 пайыз
6. Леброн Джеймс — 4 пайыз
7. Джим Торп — 4 пайыз
8. Лионель Месси — 3 пайыз
9. Пеле — 3 пайыз
10. Серена Уильямс — 3 пайыз.