Басты

Министрлік Нұр-Сұлтанға америкалық әскери «Боинг» неге қонғанын түсіндірді

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров АҚШ қарулы күштерінің әскери ұшағы неге Нұр-Сұлтанға қонғанын түсіндірді.

Сенбіде ресейлік Telegram-арналарында «АҚШ әуе күштерінің Boeing C-17A Globemaster III әскери ұшағы» Нұр-Сұлтанға қонды деген хабар тарады.

Смадияровтың айтуынша, ұшақтың келуі — қалыпты тәжірибе.

«Бұл ұшақ америкалық тарап пен біздің арамыздағы келісім бойынша ұшты. Ол дипломатиялық жүкті Америка елшілігіне жеткізді. Мұндай тәжірибе бар. Дипломатиялық поштаны жеткізетін барлық ұшақ АҚШ Әскери-әуе күштеріне тиесілі. Бұған дейін облыстарға, кейбір елдерге хат жеткізген. Ұшақ бір жарым сағат тұрып, поштаны түсіріп, ұшып кетті», — деді Смадияров СІМ брифингте.

Source
Tengrinews.kz

TuraNews

Back to top button