Басты

Түркияның Кахраманмараш қаласында қазақстандықтар киіз үй тіге бастады

Жер сілкінісіне байланысты Түркия халқына көмек көрсету мақсатында Кахраманмараш қаласында қазақстандықтар бірнеше киіз үй орната бастады, деп хабарлайды Turanews.kz.

«Киіз үй алғаш болып Кахраманмараш қаласында орнатыла бастады. Бұл киіз үйлердің Түркияға жеткізілгеніне бірнеше күн болды. Бүгін тағы 84 киіз үй әкеледі», – деді қазақстандық тілші Нұрбек Бекбау Instagram парақшасында. — деп жазды журналист  Нұрбек Бекбау инстаграм парақшасында.

Оның айтуынша, Түркия халқына қол ұшын созуға Қазақстаннан 12 ерікті келді. Жалпы саны 100-ге жуық киіз үй жеткізілді.

Еске сала кетейік, қазақстандықтар Түркия халқына жалпы 100-ге жуық киіз үй жібереді деп хабарлағанбыз.

TuraNews

Back to top button