Басты

Астаналықтар Түркия еліне 4 тонна көмек жіберді

Астаналықтар зілзаладан зардап шеккен Түркия еліне 4 тонна көмек жинап, жөнелтті. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы Елшілігі хабарлады.

«Астанадағы қамқор жандардың жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін елшілігімізге жеткізген 4 тонналық көмек материалдары Түрік әуе жолдары арқылы қайырымдылық қорларымызға жіберілді» — делінген елшілік хабарламасында.

Еске салсақ, қазақстандықтар Түркия халқына көмек ретінде 100-ге жуық киіз үй жібереді.

TuraNews

Back to top button