Жеңіл атлетикадан елордада өтіп жатқан жабық кешендегі Х Азия чемпионатында Қазақстан ерлер командасы алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды Turanews.kz BasSport.kz агенттігіне сілтеме жасап.
Ерлер арасындағы 400 метрлік эстафетада ұлттық құрамамыз 3:09.15 уақыт көрсеткішін тіркеп, үздік шықты. Оған қоса, Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов, Вячеслав Земс пен Михаил Литвин өнер көрсеткен Қазақстан командасы ұлттық рекордты жаңартты.
Қазір ел қоржынында 4 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль бар.