Қоғам

Түркістандықтар Түркияға 2 ұшақ гуманитарлық көмек жібереді

Түркістан халқы бауырлас Түркия мемлекетіндегі жер сілкінісінен зардап шеккендерге 2 ұшақ гуманитарлық көмек жібереді, деп хабарлайды Turanews.kz.

Еліміздің әр өңірінде гуманитарлық көмек жинаушылар саны артып келеді. Соның бірі — Түркістан қаласындағы Халықаралық «Turkistan» әуежайы. Мекеме Түркияның Ыстамбұл қаласына 10-11 ақпан күндері арнайы гуманитарлық рейс ұйымдастырып отыр. Оған кез келген азамат өз мүмкіндігінше көмек беріп, көмектесе алады. Ол үшін Ересектер мен балаларға арналған жылы қысқы киімдер, көрпе-төсек, тұрмыстық заттарды «Turkistan» әуежайына әкелуі қажет.

Көмектің жалпы салмағы — 2 тонна болмақ. Әуе рейстерін «Fly Arystan» және «Turkish Airlines» компаниялары орындайды.

TuraNews

Back to top button