Басты

ҚР СІМ: Хатай қаласында жоғалған қазақстандықтар іздестіріліп жатыр

ҚР Сыртқы істер министрлігі Түркияның Хатай қаласында жоғалған қазақстандықтарды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Turanews.kz.

«Біздің дипломаттар жоғалған қазақстандықтардың туыстарынан соңғы мекенжайын білген соң, дереу түрік билігіне жүгінді. Қазақстан елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркия ІІМ басшылығымен келіссөздер жүргізіп, құтқарушылар тобын жіберді. Қазір отандастарымызды соңғы рет көрген үйдің орны тексеріліп жатыр. Әзірге олар тек Сабина Мамедьярованы ған тапты. Жұмыс жалғасуда. Қалған жігіттерді де табады деп үміттенеміз», — деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кетейік, Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен Сабина Мамадьярова аман табылды.

Бұған дейін, Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев Хатай қаласында жоғалып кеткені жайлы хабарлаған едік. Кейін Мирус Құрмашевтің тағы үш әріптесі байланысқа шықпай қалды. Олардың екеуі қазақстандықтар және бірі – Түркия азаматы. Қазір оларды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

TuraNews

Back to top button