Қоғам

Түркиядағы зілзала кезінде бір қазақстандық жоғалып кетті

stana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев Түркиядағы зілзала кезінде жоғалып кетті. Бұл туралы Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің негізін қалаушы Мағжан Мәдиев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Достар, біздің досымыз, Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев Түркиядағы зілзала кезінде жоғалып кетті. Ағасы Алмат Құрмашевтың айтуынша, жер сілкінісі кезінде ол Түркияның Хатай қаласында болған. Содан бері онымен байланыс үзілді. Отбасы мен достары алаңдап, жан-жақты іздестіруде, бірақ әлі де ешқандай хабар-ошар жоқ. Мирустың бауыры мен достары, қазақстандық еріктілер бүгін түнде іздестіру жұмыстарын күшейту үшін Түркияға ұшады» — деп жазды Мағжан Мәдиев әлеуметтік желіге.

Жер сілкінісінен кейін Мируспен байланыс үзілген. Қазір оны іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, әзірге Түркиядағы жер сілкіністерінен қаза болғандардың тізімінде Қазақстан азаматтары жоқ.

TuraNews

Back to top button