Қоғам

Түркиядағы жер сілкінісінен қаза болғандардың тізімінде Қазақстан азаматтары жоқ

Түркиядағы жер сілкіністерінен зардап шеккендер мен қаза болғандардың тізімінде Қазақстан азаматтары жоқ. Сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде осындай мәлімет берді, деп хабарлайды Turanews.kz.

«Осы уақытқа дейін зардап шеккен немесе қаза тапқандардың тізімінде Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ», — деді Айбек Смадияров.

Соңғы деректерге сәйкес, Түркияның Кахраманмараш провинциясында зілзаладан көз жұмған адамдар саны 3мың 432 адамға жетті, 21 мың 103 жарақат алды.

 

 

TuraNews

Back to top button