Басты

Жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 3432-ге жетті

Кахраманмараштың Пазаржык ауданында 7,7, Елбистан ауданында 7,6 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3432-ге  артты.

Апат және төтенше жағдайларды басқару төрағалығы (AFAD) басшысы Юнус Сезер Кахраманмараштағы жер сілкінісінен 3 мың 432 адамның қаза тапқанын, 21 мың 103 адамның жараланғанын мәлімдеді.

AFAD жасаған мәлімдемеде Кахраманмараштың Пазаржык ауданында алдынғы күні Түркия уақытымен сағат 04:17-де болған жер сілкінісінің магнитудасы бұрын 7,4 деп хабарланған, кейіннен 7,7 деп қайта тіркелген еді.

Апат 10-нан астам қалада болғандықтан халықаралық көмекті қамтитын 4-ші деңгейлі дабыл соғылды.

Құлаған ғимараттар орналасқан аймақтарда іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Source
TRT Net

TuraNews

Back to top button