Apple, Google және Amazon өткен жылы айтарлықтай шығынға батты
ҚазАқпарат – Хайтек алыптары 2022 жылы қомақты табысынан айырылған, деп хабарлайды Turanews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Apple басшылығы төрт жылда бірінші рет тоқсандық табыс төмендегенін мәлім етті
2022 жылдың соңында Apple өнімдерінің сатылымы 5%-ға төмендеген.
Купертино бұл жылдың басым бөлігінде күшінде болған Қытай зауыттарындағы ковид шектеулеріне де байланысты екенін мәлімдеді (компанияның Қытайда бірнеше зауыты бар).
Google жыл соңында жарнамалық кірістің 9 жылдағы ең төменгі өсімін атап өтті.
Таза пайда өткен жылмен салыстырғанда 34%-ға қысқарған. Бұл ковидтің салдары аясында жарнама берушілердің сақтығына байланысты.
Amazon онлайн-ритейлері әзірге кірістің 15 пайыз өскенін хабарлады, бірақ таза пайда аздап төмендеген.
Компания жаппай қысқарту жоспарын жариялап, осы жылға өте мұқият болжамдар жасаған болатын.