Денсаулық
Елімізде коронавирус жұқтыру көрсеткіші азайып келеді
1 ақпандағы жағдай бойынша 62 қазақстандық коронавирус жұқтырған. Төрт адамға пневмония диагнозы қойылған, – деп хабарлайды Basnews.kz порталы Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.
2 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 565 адам коронавирус инфекциясынан (–1 416+ және 149 КВИ-) емделіп, олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 444 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 6 адамның жағдайы ауыр,
- 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.