Технология

Цифрлық даму министрлігі «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын әзірлеп жатыр

Елімізде «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр. Бұл жөнінде ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды Turanews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап..

Министрдің айтуынша, қазір жоба мемлекеттік органдарда мақұлданып жатыр.

«Жобаның мақсаты – халық пен бизнесті 100 Мбит/секундтан кем болмайтын жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету. Ұлттық жобаның басты іс-шараларының бірі – 3 мың елді мекенге дейін оптика талшығын жүргізу. Яғни, мектептер, ауруханалар мен әкімдіктер сияқты әкімшілік ғимараттар туралы ғана емес, ең алдымен нақты үйлерді жоғары жылдамдықты интернетке қосу туралы айтып отырмыз», — деді Бағдат Мусин министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Сонымен бірге, Цифрлық даму министрлігі Дүниежүзілік цифрландыру банкімен бірлесіп, интернетке қосуға, шағын және орта операторларды субсидиялауға арнайы гранттар береді.

Сондай-ақ, министр атап өткендей, 20 қалада 5G ұялы байланысын орнату жұмыстары басталады.

Source
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button