ҚоғамЭкономика

Түркістан: Түлкібас ауданыңда жастарды кәсіпкерлікке ынталандыруға бағытталған семинар-тренингі өтті

Түлкібас аудандық жастар ресурстық орталығы КММ-нің ұйымдастыруымен «BEST STARTUP» жобасы бойынша жастарды кәсіпкерлікке ынталандыруға бағытталған семинар-тренингі өтті, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі «жастар арасындағы кәсіпкерлік іс». Еңбек етуші халықтың 60 пайызы шағын және орта бизнесте жұмыс істеген кезде Қазақстан тұрақтылыққа қол жеткізетінін атап өткен еді.

Жалпы, жастардың мәселелеріне, оның ауылдық жерден қалаларға қоныс аударуына және бұдан кейінгі жұмысқа орналасуына, бейімделуіне қатысты түйінді мәселелер аз емес. Жастардың кейбір бөлігі өздерінің күш- қуаты мен білімін қайда жұмсарын білмейді. Жастар проблемаларының бүгінгі жағдайы бұл жұмыста жаңа басымдықтармен тетіктерді әзірлеуді талап етеді. Мемлекет үлкен өмірге қадам басқан әрбір жігіт немесе бойжеткен өзінің еңбегімен және ықыласымен 4 негізгі құқықтарымен міндеттерін, яғни жақсы кәсіби білім алуды, лайықты деңгейде ақы төленетін тұрақты жұмыс болуын, отбасын құру үшін өз баспанасының болуын, салауатты өмір салтын жүргізу мүмкіндігінің болуын іске асыру үшін барлық жағдайды туғызуы тиіс

Елімізде қазіргі таңда шешімін табу үлкен қиындықтар туғызып отырған жастардың жұмыссыздық деңгейін азайтуда, нарықтық экономикалық жүйеде әрбір жастың өз білімін, қабілетін, дағдысын орынды дұрыс пайдалана отырып, мектеп оқушыларының бос уақытында айналысып отырған шағын кәсіпкерлік жұмыс нәтижесі жұмыссыз жастардың кәсіпкерлік іске қызығушылығын танытуы мүмкін. Жастардың әлеуметтік мәселесін шешу үшін, көзі қарақты белсенді жастардың пікірімен санасу керек. Сонда ғана, ұлттық рухани құндылықтарды бойына сіңірген жастардың қоғамдағы ролі артады. Жастарды кәсіпкерлік іске баулу, жұмысқа орналастыру, оларға заманауи технологияны меңгерту күн тәртібінен түспей отырған өткір мәселелердің бірі.

Экономикалық тәрбие – жастар арасындағы кәсіпкерлік іс бастауының негізі болып саналады.

Оқушылардың экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну шеңберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту деп түсінуіміз керек. Жас жеткіншектердің еңбекті қажетсінуін, еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі белсенділігін, саналы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын қалыптастыру экономикалық тәрбиенің алғышарттары болып табылады.

Оқушыларға экономикалық білім беру қазіргі қайта құру кезеңінде өте көкейтесті мәселелердің бірі. Оларды халық шаруашылығының әр түрлі салаларында жұмыс істей білуге үйрету үшін экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық білімдермен қаруландыру қажет.

Экономикалық білім беру оқушыларды экономика саласы бойынша біліммен қаруландырады және білімді сенімге, мінез – құлық нормасына айналдыратын эканомикалық тәрбиеге негіз болады , күнделікті өмірде оқушылардың білімін , сенімін іс жүзінде қолдана білуге жетелейді.Экономикалық тәрбие – мектепте берілетін адамгершілік тәрбиесінің құрамдас бөлігі.

Экономикалық тәрбиенің негізгі міндеттері – оқушылардың экономикалық санасы мен ойлауын үздіксіз дамыту, балалардың өз қажеттіліктерін толық қанағаттандыру құралы ретінде еңбекке ұмтылу, мамандық таңдауға саналы қатынасы, экономикалық талдау іскерлігі мен дағдысын игерту, мінез құлықтың белгілі сапасына тәрбиелеу, еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздерін игерту.

Оқушыларға экономикалық білім мен тәрбие берудің нәтижелері олардың экономикалық мәдениетін және жаңа типтегі экономикалық ойлауын қалыптастырады.

Экономикалық білім материалдық игіліктердің мазмұны, сипаты, ерекшеліктері, оларды өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну, қоғам дамуына материалдық өмірдің ықпалы туралы экономикалық теориялар жиынтығынан тұрады.

Оқушыларды экономикалық тәрбиелеудің негізгі категорияларын қалыптастырғанда, мектеп жасындағы балаларды экономикалық тәрбиелеудегі шетелдік және отандық алдыңғы қатарлы тәжірибелерді талдаудың нәтижелерін, сондай-ақ оқушыларды экономикалық тәрбиелеудің көкейкестілігі, дұрыстығы және мазмұны жөніндегі қоғамдық пікірді есепке аламыз. Осыған байланысты экономикалық тәрбиенің мақсаты жеке тұлғаны экономикалық әрекетке дайындау деп қорытындылауға болады.
Уақытты бағалай білу жеке тұлғаның маңызды экономикалық мәні мен сипаты жинақылыққа тәрбиелейді. Әртүрлі экономикалық қатынастар үрдісінде меншікке деген қатынас сөзсіз көрініс береді. Бұл қатынастарды педагогикалық және экономикалық тұрғыда сауатты басқару оқушылар бойында үнемшілдік, есепшілдік, сақтық сияқты сапаларды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Семинар-тренингке спикер ретінде Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Түлкібас аудандық филиалының директоры Қайрат Асылболатов қатысып, бағдарлама бойынша қатысушы жастарға түсіндірме жұмысын жүргізді.

Сонымен қатар, аудан жастары және орталық мамандары мен Мансап орталығының жас мамандары түрлі сұрақтар мен ой-пікірлерін білдірді.

Іс-шара соңында қатысушыларға аранайы қатысқандығын растайтын сертификаттар табысталды.

TuraNews

Back to top button